Жаңалық

Түркістан Дүниежүзілік мұра қалаларының қатарына енді

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласы туризмді дамытудың жаңа деңгейіне шықпақ. 2 сәуірде Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Шара Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылғалы тұр.

Аталмыш ұйым мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған. Ұйым – дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады. Бұл қалаларда 164 миллионнан астам адам тұрады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button