Жаңалық

Алматыда ауқымды жөндеуден өткен балалар кітапханасы қайта ашылды

Алматыда ауқымды жөндеуден өткен балалар кітапханасы қайта ашылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында И. Крылов атындағы қалалық балалар  кітапханасының жаңарған ғимарытнда немен айналысатындарын айтып берді деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев И. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылғанын, мұнда заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйірмелерге арналған орындар пайда болғанын мәлімдеді.

««Алтын шаңырақ» мәдениет пен тарихты зерделеу орталығымен қатар зияткерлік ойын мен домбыраны, компьютерлік сауаттылыққа оқытатын жаңа орталықтар ашылуда. Сондай-ақ, мұндағы әртүрлі жастағы балаларға арналған «Креативті шығармашылық», «Жас ғалым» клубтары мен «Оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз» үйірмесі де қызыққа толы орта», – деп атап өтті Б. Сағынтаев өз парақшасында.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматыда 25 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұмыс істейді. Қалған кітапханалар осы жылдың аяғына дейін жөндеуден өтетін болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button