Жаңалық

Елбасы кітапханасының музей жинағы жаңа жәдігерлермен толықты

Кітапхана музейінің қорына жүзге жуық жаңа экспонат қабылданды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Елбасы кітапханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Елбасы кітапханасының қор-іріктеу комиссиясының осы жылғы алғашқы отырысы өтті. Жиында музейлік заттарды есептен шығару және музей жинағына жаңа түсімдерді қабылдау мәселелері қаралды.

ҚІК-ның хатшысы, музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің сарапшысы Ғайни Серікбаева музейге жүзге жуық жәдігердің жаңадан түскенін мәлімдеді. Атап айтқанда, жаңа жәдігрлермен Елбасы марапаттарының топтамасы, кәдесыйлық бұйымдар, нумизматика, қару-жарақ пен әскери сауыт-сайман,  кілем және киіз топтамалары толықты. Олардың арасында 2 наурызда Қырғызстан Республикасының Президенті Сабыр Жапаров Елбасы кітапханасына келген кезде тарту еткен киіз сырмақ, Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары наградасы «Алғыс» ордені,  XIII-XIV ғғ. жататын Әмір Темір қылышының көшірмесі, Қарағанды облысының тұрғындары тарту еткен «Qazaq Eli. Ma’n’gilik El» гобелені тағы да басқа көптеген сыйлықтар бар. Сондай-ақ, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» табыс еткен 1994, 2016 жылдары өткен қысқы, жазғы олимпиада ойындарындағы қазақстандық ту ұстаушылардың киімдері киім топтамасына тіркелді.

Шара соңында ҚІК мүшелері жаңа жәдігерлерді алдағы уақытта Елбасы кітапханасының көрмелері мен арнайы залдары арқылы көпшілік назарына ұсыну туралы ортақ шешімге келді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button