Жаңалық

Қазақстанның Қызыл кітабы үш жануармен толықты

Қазақстанның Қызыл кітабында енді жолбарыс, Оңтүстік – Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) бар деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Жануарлардың Қазақстанның Қызыл кітабына енуіне «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысына толықтырулар енгізу негіз болды.

Айта кетейік, Алдыңғы Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870 – 1300 басты құрайды. Қазақстанда олар тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын әзірледі. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.

Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады. Ол – жылқы отбасының сирек кездесетін өкілдерінің бірі. елде шамамен 10 шақты дарағы бар.

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button