Жаңалық

«Рауан» ХХІ қалалық фестивалі аяқталды

Мектепке дейінгі балалар шығармашылығының қашықтықтан  «Рауан» ХХІ қалалық фестивалінің қорытындысы шықты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, фестивальге 49 балабақшадан 3-6 жас аралығындағы 454 тәрбиеленуші қатысты. Балғындар «Вокал», «Балалар оркестрі», «Хореография», «Көркем сөз» жанры бойынша өнер көрсетті. Фестивальдің қорытындысы бойынша 21 талантты қатысушы жеңімпаз атанды. Олардың барлығы 2021 жылдың мамыр айында «Бүлдіршін» фестивалінің облыстық кезеңіне қатысады.

«Фестиваль жыл сайын мектеп жасына дейінгі балаларды жинайды және ең талантты бүлдіршіндерді анықтайды. Тіпті, онлайн форматта байқау өткізу балаларға өздерінің үздік шығармашылық қабілеттерін көрсетуге кедергі келтірмеді.  Дикциямен, интонациямен және семантикалық байланысты сақтай отырып, эмоционалды түстерді жеткізе  білді. Бишілер түрлі-түсті костюмдерде көптеген әдемі билерді көрсетті. Сондай-ақ олардың асатаяқ, шыңдауыл, ксилофон, домбыра сияқты музыкалық аспаптарда ойнай алатыны қуантады», – дейді орталықтың әдіскері Ирина  Кучуркина.

Вокалдық жанрда  «Қасиетті домбыра» (№ 9), «Көктем» (№ 10), «Дружные ладошки» (№ 31), «Ты мой друг» (№ 38), «Бипыл» (№ 44), «Послушная дочь» (№ 49), «Песенка друзей» (№ 96) әндерін орындаған балабақша тәрбиеленушілері лауреат атанды.

Хореографиялық жанрда № 1 «Венок», «Кадриль» (№ 4), «Топни, ножка моя…» (№ 11), «Әуе экипажы» (№ 122) балабақшаларының тәрбиеленушілері  ерекше көзге түсті.

«Көркем сөз» жанрында балабақша тәрбиеленушілері «Папа шишка» (№ 2), «Сам» (№ 4), «Ғаламтор» (№ 23), «Соғыс қалай шаршатты» (№ 49), «Тәуелсіз Қазақстан» (№ 93),  «Ит туралы» (№ 102), «Веснушки» (№ 117) өлеңдерін мәнерлеп оқығаны үшін жоғары ұпайға ие болды.

Аспаптық жанрда (балалар оркестрі) № 51 балабақшаның «Кербез қыз», «Баллада» (№ 79), «Концерт» (№ 120) балалар ұжымы лауреат атанды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button