Жаңалық

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарын қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы ахуал және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты алдағы XXIX сессиясына әзірлік  барысы туралы баяндалды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

«1995 жылғы шешімім бойынша құрылған Ассамблеяның жұмысын мен ерекше бақылап отырамын. Содан бері этносаралық қатынастарды нығайту саласында біраз шаруа атқарылды. Біздің бұл саладағы тәжірибеміз дүние жүзіне мәлім, көптеген елдер оған қызығушылық танытуда», – деді Елбасы.

Кездесу барысында өңірлердегі Достық үйлерінің жұмысына баса көңіл бөлінді. Тұңғыш Президент аймақтарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button