Жаңалық

Будапештте «Абайды оқимыз» көркем альбомының тұсауы кесілді

Будапешттегі Қазақстан Елшілігінде түркі әлемінің жетекші суретшілерінің ұлы ақынның шығармашылығы негізінде жасалған туындыларын қамтыған «Абайды оқимыз» атты көркем альбомның тұсаукесері, сондай-ақ Мажарстанда оның есімі мен мұрасын танытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов дипломатиялық өкілдік жанындағы Абай орталығының жетекшісі Оңайша Мандокиге және Сегед университетінің қазақ тілі мұғалімі Раушангүл Мұқышеваға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Мәдениет және спорт министрінің атынан алғыс хаттар табыстады.

Өз кезегінде Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Касеинов Будапешттегі Түркі кеңесінің директоры Янош Ховариді, Мажарстан этнография институтының ғылыми қызметкері Давид  Шомфай Караны және О. Мандоки мен Р. Мұқышеваны ТҮРКСОЙ-дың «Абайға 175 жыл» медалімен марапаттады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button