Жаңалық

«МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы өз мәресіне жетті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық музейлер күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» ұйымдастырған «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы өз мәресіне жетті.

Акция аясында  «Үздік экскурсовод»,  «Үздік ғылыми қызметкер», «Үздік ауылдық музей» номинациялары бойынша байқау жарияланып, нәтижесінде 1, 2 және 3 орын иегерлері, сондай-ақ «Жеңіске деген ЫНТАСЫ үшін» жүлдесінің иегерлері анықталды.

«Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша І орын – Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсоводы – Мекемова Айдана;

«Үздік ғылыми қызметкер» номинациясы бойынша бас жүлде Қарағанды областық өнер музейінің ғылыми қызметкері – Омарова Айгүл;

«Үздік ауылдық музей» номинация бойынша – Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Серікбол Қондыбай атындағы «Мемориалдық музейі» МКҚК Жеңімпаз деп танылды.

Акцияның негізгі міндеттері мәдени-тарихи мұраны зерттеу және сақтау, аймақтық тарихи-өлкетану және мемориалдық музейлердің практикалық қызметіне қызығушылықты ояту және музейаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button