Жаңалық

«Не әңгіме?» – Біздің қоғам «Рухани жаңғыруды» дұрыс түсініп жүр ме?

«Не әңгіме?» бағдарламасының екінші шығарылымы жарық көрді. Подкастың бұл жолғы тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдық қорытындысына арналды.: бағдарламасының екінші шығарылымы жарық көрді, деп хабарлайды Ruh.kz. Подкастың бұл жолғы тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдық қорытындысына арналды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына биыл 4 жыл. Осы орайда «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бас сарапшысы Серік Молдағалиев пен «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, тарихшы Бекен Қайратұлы пікір таластырып, Бағдарламаның жүзеге асыру жолдары туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Серік Молдағалиев «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал оның «оппоненті» Бекен Қайратұлы өз көзқарасын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Қос спикердің пікірлерін білу үшін бағдарламаны толық тамашалап шыққан жөн.

Подкасты мына сілтеме бойынша тамашалауға болады.

Басқа материалдар

Back to top button