Жаңалық

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз

Ruh.kz порталы әріптестерін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Журналистика – қызық пен шыжыққа толы мамандық түрі. Бұқаралық ақпарат құралдары елдің мұң-мұқтажын билікке, биліктің пайымы мен уәжін халыққа жеткізетін алтын көпір іспетті.

Әсіресе, індет кезінде осы мамандық өкілдері жар құлағы жастыққа тимей алдыңғы шепте жүрді. Ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халықтың секемін басып, мәселенің шешімін айтты.

Құрметті, БАҚ өкілдері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, қаламдарыңызға қуат, күндеріңізге шуақ тілейміз!

Ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп, қажет күндері иық тіресе жұмыс істейтінімізге нық сенімдіміз!

Еңбектеріңіз жемісті, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жақсылықтың жаршысы болғайсыздар!

Ыстық ықыласпен Ruh.kz ұжымы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button