Жаңалық

«Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «Алатау» театрының тұрақты көрермендері мен зейнеткерлер қатысып, түрлі қойылымдар тамашалады.

Одан бөлек көрмеге қымыздан жасалған косметикалық бұйымдар да қойылды.

«Қымызмұрындық – бір керемет мереке. Қымыздың әртүрлі түрлері бар, соның бәрін таныстыру арқылы кең ауқымда өткенін қалаймыз», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бас режиссері Жұлдызбек Жұманбай.

Қымызмұрындық баяғыдан келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бие байланып, сауылған соң алғашқы қымыз ішу рәсіміне ауыл ақсақалдары мен көршілер шақырылады.

«Әрбір мемлекеттің өзінің төлқұжаты бар. Мысалы Бразилияның наурызда өтетін Rio фестивалі бар. Германияның сыра фестивалі бар. Ал біздің қазақтың өзінің төлқұжатына айналған бүкіл әлем мойындаған қымыз сусынын осындай деңгейге көтере алатын болсақ шынымен рухани жаңғырғанымыз болады», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button