Жаңалық

Әкім сайлауы: Жамбыл облысы көш бастап тұр

Бүгін елімізде тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр.

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша жергілікті сайлау комиссиялары 14 өңірде өтіп жатқан сайлаудың дауыс беру көрсеткішін жариялады. Әзірге белгілі мәліметтер бойынша сайлауда дауыс беруде Жамбыл облысы алдыңғы қатарда.

Мұнда сайлаушылардың 72,9 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ал Ақмола обысында дауыс берушілердің 50 пайызы, Ақтөбе облысында – 52,8 пайыз, Алматы облысында – 53 пайыз, Атырау облысында – 50,2 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 66 пайыз, Жамбыл облысында – 72,9 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 53 пайыз, Қарағанды облысында – 48,1 пайыз, Қостанай облысында – 63,7 пайыз, Қызылорда облысында – 49 пайыз, Маңғыстау облысында – 36,6 пайыз, Павлодар облысында – 55,3 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 61,2 пайыз, Түркістан облысында – 56,1 пайыз сайлаушылар сағат 14.00-ге дейін таңдау жасап үлгерген.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын.  Сайлау қортындысы үш күн ішінде шығарылуы тиіс. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. Жалпы биыл жыл аяғына дейін 775 ауыл әкімі сайланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button