Жаңалық

Абай – ұлттық болмысымыздың айнасы

Адамзаттың асыл мұраты, мәдениеті мен білім деңгейі қоғамның өлшемі ретінде қаралатын жаңа ғасырдағы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы күн санап артып келеді.

Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Сондықтан да Қазақстанның қай өңірінде болсын Абай атамыздың шығармашылығын жаңғырту қолға алынуда.

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Абай күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкованың бастамасымен «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Онлайн форматында өткізілген дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық Әділет департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Атырау облысы Әділет департаментінің бас маманы Гульмира Рахметовам ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 7-ші қара сөзін оқыса, шараға қатысушылар оның мән-мағынасына жан-жақты талдау жүргізіп, түйінді ойларды ортаға салды.

Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, халық ретінде мұратқа жетеміз.

Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button