Жаңалық

«Қайырымды істер марафоны» жалғасуда

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Павлодар облысында бірінші жартыжылдықта 2000-ға жуық қайырымдылық акциясы мен іс-шара өткен. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Павлодар облысы «Қайырымды істер марафоны» жобасының ең белсенді үш аймағының қатарына кіреді.

«Жалпыұлттық жоба басталғалы бері облыстағы жергілікті меценаттар мен волонтерлер жалпы сомасы 420 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті», – деді  облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Төлеген Айтбаев.

Сөзіміздің бір мысалы – «Богатырь-Көмір» ЖШС Екібастұз қалалық мешітінде қыстың қатты аязында құбыр желісі жарылғаннан кейін сумен қамту жүйесін жөндеп, жаңа құбырларды орнатып бергені.

Өңірде «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына бірінші жартыжылдықта 50-ге жуық коммерциялық ұйым мен жүзден аса қоғамдық бірлестік қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button