Жаңалық

Су ресурстары сарқылып бара ма

Бірі біріне себеп. Қаншама жағдайлардан соң экологияға, қоршаған ортаға барынша ұқыпты қарауға тырысып-ақ келеміз.

Биылғы жағдай Қазақстанда су ресурстары тапшы екенін көрсетті. Бұл жағдай, әсіресе, суару, су ресурстарын басқару, ауыз сумен жабдықтау секілді экологиялық аспектілерде анық байқалды. Ұтымды әрі үнемді пайдаланылса, Қазақстан аумағындағы су көлемі бізге жеткілікті. Су тапшылығы туралы сөз қозғағанда осы жағдайды қаперімізде ұстағанымыз абзал. Осыған байланысты біз, қарапайым халық пен жауапты органдар үнемділік пен ұқыптылыққа аса мән беруіміз керек.

 

Жыл сайынғы жер үсті сулары орта есеппен 100 текше метрге жуық суды құрайды, оның 50%-ы Қазақстан аумағында қалыптасады. Су ресурстарының тапшылығы біздің заманымыздың аса маңызды тақырыптарының бірі. Десе де ел аумағындағы суларды ұтымды пайдалана білсек, бұл мәселені шеше аламыз. Егер біздің елдегі және әлемнің басқа елдеріндегі жан басына шаққандағы орташа шығындарды салыстыратын болсақ, біздің соңғы орында емес екенімізді байқай аламыз. Сондықтан біз, ең алдымен, суды барынша үнемді пайдалануға назар аударуымыз керек.

Басқа материалдар

Back to top button