Жаңалық

Озық мемлекет үшін халқын қорғаудан құнды ештеңе жоқ – Бақытбек Смағұл

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жариялай келе, негізгі басымдықтарды атап көрсетті. Осы орайда Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл биылғы жолдау жүктеген міндеттер мен реформалық қағидаттарына қатысты пікір білдірді.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын бір сөзбен түйіндеуге болады. Ең бастысы, халықты қорғау. Озық мемлекет үшін халқын қорғаудан құнды ештеңе жоқ. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жолдауында тәуелсіздікті, мемлекеттілікті, ұлттық мүдделерді, ұлттық құндылықтарды, ұлт саулығын, болашақты, жас ұрпақты, дарындарды, мәдениет пен өнерді, экономиканы, экологияны, еңбекті қорғау секілді сан-салалы мәселелер қамтылды. Қазіргі алмағайып шақта бұл кемеліне келген, әл-ауқаты мен қайрат-қуаты толысқан елдердің қолынан ғана келетін дүние.

Жолдауда ел өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери және басқа да қырлары толыққанды қамтылды. Президент Жолдауы мемлекетімізде, қоғамда, әлемде, айналада болып жатқан өзгерістерді көріп-біліп, көкейге тоқып, көп ізденудің жемісі екені анық», деді Бақытбек Смағұл.

Оның айтуынша, Президент тәуелсіздікті, ел мен жердің бүтіндігін, халықты, ұлт пен мемлекеттік мүддені қорғау жолында бар күш-жігерін салып, жан аямай еңбек ете беретінін және соны биліктегі әрбір тұлғадан талап ететін анық жеткізді.

«Ендеше Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы елді рухтандырады, қоғамға ой салады, әр саланың дамуына серпін береді, сөйтіп, Қазақстанның жаңа заман төрінен, жаңа әлем өрінен лайықты орын алуына сүбелі үлес қосады деген сенімдемін», деді Мәжіліс депутаты Б. Смағұл.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button