Жаңалық

NEET-жастарды қалай анықтауға болады?

Ақтөбе қаласында Жастар ресурстық орталықтары үшін оқыту семинарларының кешені басталды. Бұл іс-шара үш күн бойы жалғаспақ. Алғашқы күні жастармен жұмыс жөніндегі мамандар NEET санатындағы жастарды анықтау және есептеудің жаңа әдіснамасын талқылады.

Семинарға қатысушылар жастармен жұмыс істеудің жаһандық трендтері мен жаңа тәсілдерін зерттей отырып, өз қызметін ұйымдастырудың қадамдық жоспарымен, бірінші кезекте NEET санатындағы жастармен, сондай-ақ жастар орталықтарының бағдарламалық жұмысын сүзгілеумен танысты. Талқылау барысында Батыс Қазақстан облыстық ЖРО қызметкерлері әрбір қала мен аудан бөлінісінде NEET-жастардың аймақтық деректер базасын құрудың маңыздылығын атап өтті. Олардың айтуынша, бүгінде аталған санаттағы жастардың өкілдерімен нақты жұмысты жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар бар, өйткені бірыңғай деректер базасы жоқ.

NEET көрсеткіші – жастардың еңбек нарығының әлеуетін өлшеудің маңызды құралы, өйткені ол оқымайтын және жұмыс істемейтін және жұмыссыз деп саналмайтын жастардың бір бөлігін қамтиды. Жыл басынан бері «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен NEET-жастарды есептеудің жаңа әдіснамасын енгізу, осы жастар тобының бірыңғай базасын қалыптастыру және оларды одан әрі әлеуметтендіру мәселелерін кеңінен талқылауда.

«Жастар» ҒЗО NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі республикалық жобалық офиспен бірлесіп ағымдағы жылдың қазан айында өмірлік қиын жағдайларға тап болған жас азаматтарды анықтау және есептеу жөніндегі жаңа әдіснаманы имплементациялауды бастайды. Сонымен қатар жас азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы дайындалуда. Бұл шара NEET жастарына жаңа біліктілік алуға, оқуын жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button