Жаңалық

«Ауылыма кітап» акциясы жалғасын тапты

Оқу мәдениетін ілгерілету арқылы өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыру мақсатында «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен қолға алынды.

Жергілікті жерлерде акцияны іске асыру үшін әкімдіктермен бірге «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері тартылған. Аталған жобалық кеңселер халықты әртүрлі білім беру, әлеуметтік және мәдени жобаларға тартуға, азаматтардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі іске асыруды жандандыруға бағытталған.

Акция шеңберінде 18 министрлік әр облыстың кітапхана қоры жеткіліксіз ауыл мектептеріне жаңа кітаптар ұсынуды жоспарлаған. Осылайша, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өңірімізге түрлі жанрлардағы жаңа кітаптарды ұсынды. Аталмыш акция жоғарғы оқу орындары және Павлодар облысы бойынша Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығынан қолдау тапты. Осылайша акция аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің кеңсесіне 600 данадан астам кітап жиналып, білім басқармасымен бірігіп ауылдық мектептерге таратылуда.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен келген кітаптар Екібастұз және Ақсу қалаларының, Баянауыл, Май, Аққулы, Ақтоғай, Успен, Ертіс және Железин аудандарының білім бөлімдеріне берілді.

Бүгін Торайғыров университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразия университеті және Павлодар облысы бойынша Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығы «Ауылыма кітап» акциясын қолдап, Железин ауданының білім беру бөлімінің «Моисеев негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ басшысына кітаптарды табыстады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button