Жаңалық

«Бір кем дүние» кітабындағы өзекті ойлар

Бүгін ұлт руханияты мен қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгер Шерхан Мұртазаның дүниеге келгеніне 89 жыл толып отыр.

Шерхан Мұртаза – Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келді. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған екен. Жазушы, журналист, қоғам қайраткері 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде тілшілік қызмет атқарып, «Жазушы» баспасы мен «Жалын» альманахының, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.

Шерхан Мұртаза – өмір шындығын шынайы суреттей білген шебер қаламгер. Шерағаның «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қызыл жебе», «Бесеудің хаты», «Ай мен Айша», «Жүрекке әжім түспейді» сынды туындылары оқырманның ыстық лебізіне ие болды. Әсіресе соңғы жазылған «Бір кем дүние» кітабы көптің көкейіне ой салды. Осы кітабы арқылы Шерағаңның көрген-білгені көп, байқампаз жан екенін көреміз. Күнделікті өмірдегі оқиғаларды, өзгелерден естіген, оқыған әңгімелерінен түйін шығарады. Әр ой-толғанысының түйінін «бір кем дүние…» деп қорытындылайды. Қоғамға, құбылыстарға қатысты өкініші мен шерін, ренішін бүкпесіз жеткізген. Әр тақырыпша 2-3 сөйлемнен тұрғанымен, оқырманға біршама ой салады. Көпірме артық суреттеусіз, тіркестерсіз қысқа да нұсқа жазылған. Автордың соңғы «бір кем дүние…» деген өкінішінен оқырман өзі түйін шығара алады. Осы шеберлікті өзі де «Краткость – сестра таланта» деп қысқа қайырған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button