Жаңалық

Сүйек жаңғырту қандай дәстүр?

Сүйек жаңғырту — бұрын құда болған кісілердің қайтадан құдалықты жалғастыруы.

Қазақтың бұл салт-дәстүрі ерте заманнан келе жатыр. Ол  екі жақтың келісімімен орындалады.

Прагматикасы:

«Қазақтың некеге қатысты тағы бір жақсы салты – сүйек жаңғыртып, құда болу. Мұнда құдандалы болған әулет ұзақ уақыт өткен соң, туыстық байланысты үзбеу мақсатында бір-біріне қыз беріп, қыз алысатын болған. Екі әулеттің барыс-келісі азайған қатынасын қайта жиілетер сүйек жаңғырту дәстүрінің мән-мағынасы мол», дейді белгілі этнограф Байахмет Жұмабай.

Осы орайда рулық ерекшеліктерді ескерудің маңызын атап өткеніміз жөн. Себебі ата-бабаларымыз жиендік не нағашылық қатысы жоқ туысқандарды ғана бір-біріне үйлендірген. Дәстүр әке жақтан алыстап кеткен ағайындарға қолданылмайды.

«Сарысүйек құдалар» деп кімдерді атайды?

Қазақ ежелден құда-жекжаттығы бар жандарды «Сары сүйек құдалар» деп атаған. Бұл ұғым «Сүйек жаңғырту» дәстүрінің аясында пайда болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button