Жаңалық

| Жаңалықтар | Рухани Жаңғыру

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет өткізіліп отыр. 

Конкурстың мақсаты – қызметінде жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.

Конкурстың міндеттеріауыл әкімдері мен мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

I өңірлік кезең –  аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі.

II кезең – республикалық деңгейде өткізіледі.

Конкурстың  нәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.

Өңірлік іріктеуде:

– 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыс деңгейі және т.б.);

– әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик;

– үміткердің кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған жобалық жұмысы;

– жергілікті әкім жұмысының тиімділігін анықтау үшін елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама немесе онлайн дауыс беру қорытындылары ескерілді.

Бірінші кезең ү.ж. 25 маусымда басталып, облыстардан конкурсқа 134 үміткер құжаттарын тапсырды және жоғарыда аталған талап нәтижесі ескеріле отырып, Өңірлік комиссиядан әңгімелесуден өтті.

Өңірлік комиссия үздік деп таныған 14 ауыл әкімінің конкурстық материалдары Республикалық комиссия қарауына ұсынылды.

Республикалық комиссия отырысы қазан айының ортасына жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button