Жаңалық

«Жомарт жүрек - 2021»: Атырау қаласының жеңімпаздары анықталды

Атыраудың өсіп-өркендеуіне атсалысып жүрген жергілікті кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестік өкілдері марапатталды. «Жомарт жүрек – 2021» жеңімпаздары қала әкімі Қайрат Оразбаевтың қатысуымен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен іс-шарада анықталды. 

Мұнайлы өлке экологиясын жақсарту жолында тынбай еңбек етіп жүрген Жандос Меңдіғалиев басқаратын «Атамекен ЭКО» қоғамдық қоры «Жылдың ең үздік ұйымы» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, қолы қысқа жандарға көмегін аямай, игі істердің басы-қасында жүрген бір неше ұйым мен жекелеген азаматтарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Номинанттарды қала әкімі құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Жомарт жүрек» сыйлығының мақсаты – бизнес құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандыру. Бүгінгі марапат жеңімпаздары туған өлкенің әлеуметтік мәселелерін шешуді, маңызды жобалар мен жаңа бастамаларды іске асырып жатқан қоғам белсенділері. Әсіресе, мынау дүниежүзін жайлаған пандемия кезінде әкімдікпен бірлескен ауқымды шараларда жанашыр тұлғалардың үлесі зор. Өңіріміздің дамуына үлес қосып, мұқтаж жандарға көрсеткен көмектеріңіз үшін сіздерге ризашылығымды білдіре отырып, еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін. Атырау қаласының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», деді әкім.

Жеңімпаздардың құрметіне жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, құрмет көрсетті.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button