Жаңалық

Зиялы қауым «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасымен танысты

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Атырау облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесіп «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының міндеттері мен жүзеге асу тетіктерімен таныстырды.

Президент жанындағы Реформалдар жөніндегі Жоғарғы кеңес отырысында жаңадан 10 Ұлттық жобаның тізімі анықталған болатын. Соның ішінде, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктерімен жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі мақсаты –  Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді насихаттау арқылы- қоғамның мәдени денгейін, талғамын және рухын көтеру.

«Мазмұны жағынан бұл мәні терең, ауқымы өте кең жоба. Бұл қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан әсіресе қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор», – деді Аида Балаева.

Жоба негізгі үш бағыттан тұрады, 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ауқымды іс-шара көзделген.

Бірінші. «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл – қазақстандық бірегейлік,  зияткерлік әлеуетті дамыту.  Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген.

Екінші. «Ел Рухы» бағытымәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс-шара мен 5 көрсеткішке жету жоспарланған.

Атап айтқанда, мәдениет нысандары мен көрсетілетін қызметтердің шалғай аудандардағы қол жетімділігін 92,5%-ға дейін жеткізу, мәдени жобалар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, «e-culture.kz» бірыңғай электрондық платформасын құру, отандық анимациялық контент шығаратын сервистік компания – «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру, еліміздің талантты тұлғаларының 150 шығармашылық жобасын мемлекеттік деңгейде қолдау.

Үшінші. «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұлжастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.  Бұл бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған, оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесу соңында Аида Балаева Ұлттық жобаны тиісті денгейде жүзеге асыру үшін  зиялы қауым өкілдеріне бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button