Жаңалық

Ералы Тоғжанов алматылық зиялы қауым өкілдерімен кеңесті

Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов жұмыс сапары аясында ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  реформалар жөніндегі жоғары кеңесте бекіткен Ұлттық жобаларды іске асыру тетіктері бойынша Алматы қаласының шығармашылық зиялы қауымымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында Ералы Тоғжанов қатысушыларға 10 Ұлттық жобалар туралы айтып өтті.

«Ұлттық жоба үшін процесс емес, нәтиже маңызды болады. Ал оның басты тұжырымдамасы бүгінде қабылданған жалпыұлттық басымдықтарға, ұлттық даму жоспарына, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер мен идеялық бастамаларға негізделеді. Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың факторына айналады» – деді Ералы Тоғжанов.

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, бірінші вице-министр Шолпан Каринова баяндады.

Жобаның мақсаты – ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Жоба үш негізгі бағыттан, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады.

Бірінші бағыт «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту». Бұл – қазақстандық бірегейлік,  зияткерлік әлеуетті дамыту жіне мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау.  Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген.

Екінші бағыт «Ел Рухы»  – мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал ету жөніндегі міндеттерді қамтиды.  Бұл бағытта 13 іс-шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған.

Үшінші бағыт «Тәуелсіздік ұрпақтары». Бұлжастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.  Бұл бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған, оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесу соңында Е.Тоғжанов еліміздің шығармашылық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін шығармашылық зиялы қауымға алғысын білдіріп, ұлттық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button