Арнайы жобалар

ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ

Деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы топтамасын шығару -Қазақстанның өркениет тарихын шартарапқа үздіксіз көрсетпек.

Мақсаты: телевизия, кино, әлеуметтік желілер арқылы қазақ халқы тарихының үздіксіз өркениеттін көрсету.

Бұл арнайы жоба анимациялық, деректі және көркем фильмдерден тұрады. 2020 жылы «Түркістан – кеше, бүгін, ертең» және «Ұстаздың оралуы» деректі фильмінің өндірісі аяқталып ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмірінен сыр шертетін («Возвращение учителя») деректі фильмі көрерменге жол тартпақ.

Тарихымызды кеңінен дәріптейтін «Қажымұқан», «Мұқағали Мақатаев», «Ақтастағы Ахико», «Ақын» көркем фильмдері мен «Ботай арғымақтар мекені» толық метражды анимациялық фильмі дайындалуда.

Оған қоса, қазіргі таңда «Дос Мұқасан», «Лето 1941-го года», «Ақ боз үй» көркем фильмдері, «Кыз-Жибек: рецепт любви и успеха» деректі фильмі, «Абайдың қара сөздері» қысқа метражды фильмдер циклі және «Алтын адам» анимациялық фильмі өндіріске жіберілетін болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button