Жаңалық

«Рухани жаңғыру» білім бұрыштары ашылмақ

Қазақстан Республикасы «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ ұйымдастырған «Кемел болашақ» жобасы аясында ЖОО, ТжКБ және ЖББ ұйымдарында «Рухани жаңғыру» кабинеттері мен залдарын, білім беру бұрыштарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Саралай келіп, бағдарламаны орындауға арналған кабинеттер мен залдар рухани құндылықтарды игеруге қажетті әдебиеттерді жинақтаумен қоса-қабат бірқатар көпшіліктік-тәрбие, бағыттау жұмыстарын да атқаруы тиіс деген қорытынды жасалды.

Нақтылап айтқанда, «Рухани жаңғыру» кабинеттері оқу орнында бағдарламаны орындау жауаптылары мен волонтерлері корпусын құрады. Жүйелі түрде орындауды қарастыратын бағдарламаның барлық қағидаттары бойынша жауапты волонтерлер арнайы смарт-жоспарлар мен жол карталарын түзе отырып, жыл бойында оқу орындарының барлық бөлімдері мен кафедраларының осы жоспарды орындауына бақылау жасап отырады.

Бағдарламаны орындауға жауапты волонтерлерге қажет болған жағдайда арнайы семинарлар мен вебинарлар ұйымдастырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық арнайы бағдарламалары, кіші жобаларының мақсаттары мен міндеттерін орындай отырып, білім алушылардың санасы мен жандүниесін рухани құндылықтармен шынайы форматта байыту үшін арнайы шағын жобалар, байқаулар жоспарланып, өткізіліп отырылмақ.

Арнайы кабинет осымен бірге, техникалық материалдармен: компьютер, интерактивті тақта және проектормен де жабдықталып, жиналған білім  алушыларды заманауи, цифрлық форматқа енгізілген мәдениет пен әдебиет үлгілерімен, тарихи деректер және шығармалармен таныспақ.

Студенттерге таныстырылым материалдарын әр басымдық пен қағидатқа сәйкес тақырыптық электрондық картотекада топтастыру – бағдарламаның студеттерді қызықтыруына, олардың тұлғасын қазақ руханияты тұрғысынан қалыптастыру мен дамыту ісіне оң серпін бермек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button