Қостанай облысы

Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі

Нысан мерзімі:  2010 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Жаңақала ауылы.

Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870-1919) – Торғай тумасы, Орта жүздегі қыпшақ руының әйгілі биі Нияздың немересі. 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс тұрғындары өкілдерінің құрылтай жиналысында Әбдіғаппар Жанбосынұлын хан сайлайды. Ол 20 халық өкілдері кеңесінің көмегімен далалық демократия негізінде басқарды.  Әбдіғаппар Жанбосынұлы ел ішінде зор ықпалға және беделге ие бола отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде А. Имановтың туының астында мыңдаған әскерді біріктіруге үлес қосты. 1918 жылы наурызда Әбдіғаппар Жанбосынұлы Орынбор қаласындағы Кеңестердің бірінші Торғай съезіне қатысып, кейін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартты. 1919 жылы қарашада Әбдіғаппар Жанбосынұлын қызыл әскерлер намаз оқып отырған кезде ту сыртынан атып тастаған.

Әбдіғаппар ханның бейіті Жаңақала ауылының маңындағы ескі зиратта. 2010 жылдың жазында Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс көшбасшысының 140 жылдығына орай  Әбдіғаппар ханның зиратының жанына оның тікелей ұрпақтары ақ тастан жаңа кесенені тұрғызды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button