Батыс Қазақстан облысы

ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Ғұмар Қараштың жерленген жері Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің аумағында.

Ғұмар Қараш (1875-1921) – қазақ халқының көрнекті ақыны, фольклоршы, дін және қоғам қайраткері, Алашорда арысы, ағартушы. Ол өз шығармашылығында азаматтық асқақтығы мен нәзік лириканы шебер үндестірген тұлға, философ, батыстың менталитеті мен шығыстың қалыптасқан діни қағидаларының арасына алтын көпір бола білген адам. Алдымен жергілікті медреседе сауатын ашып, кейін Уфа қаласындағы медреседе жоғары діни білім алған, кейбір мәліметтер бойынша, оқуын Стамбулда жалғастырған деген ақпарат бар.

Ғұмар Қараш – Ресей империясының Шығыс бөлігі мұсылмандарының Діни кеңесінің қазақтардың арасынан шыққан алғашқы мүшесі. Алаш партиясы мен өкіметіне жақтас болған Ғұмар Қараш қоғамдағы қалыптасқан құрылымды күшпен жоюға жан-тәнімен қарсы болды. Осыған байланысты «Алаштың азаматтарына», «Неден қорқамын», «Күн туды» өлеңдер жинағын шығарды. Алайда көп ұзамай ауылды кеңестендіруге қарсы күреске араласып кетті. Қазталовка ауданында Тіленшісай жәдид мектебін ашқан Ғұмар Қараш жәдидшіл қозғалыстың өкілі. Заманға сай озық процестерді – экономикалық және мәдени-ағарту тетіктерін айқын енгізуді, ұлт мәдениетін дамытуды жақтаған.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=147

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button