Маңғыстау облысы

ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 шақырым қашықтықта солтүстік-батыс бағытта Сарытас-Қошақ шығанағына таяу Оңғазы тауының етегінде орналасқан.Шақпақ ата қорымы және жерасты мешіті (IХ-Х ғғ.) – мешіттердің аса көркем үлгісі болып табылады

Ел аузында сақталған мәліметтерге қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан, діндарлығымен қатар қалмақтармен соғыста атағы шыққан батыр болыпты. Жартас ішіндегі жасанды үңгір түрінде жасалған мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шарбақ тәрізді орналасып, солтүстік, оңтүстік, батыс, шығысқа қарай бағышталған. Серікбол Қондыбайдың мифологиялық зерттеуінде Шақпақ ата – өлгендерді желеп-жебеуші, жыландардың әміршісі. Тарихи тұлға ретінде шын аты – Шахмардан, ол – Шопан атаның немересі. Шақпақ ата деген атқа ие болған себебі – жаумен шайқаста қаруынан оттың ұшқындары шыққан. Аңыз деректер бойынша, от керек болғанда Шақпақ ата бір тырнағын екінші тырнағына тигізсе болғаны, ұшқындар жан-жаққа шашырайды екен. Оны халық тастан от шығарып, жауын отпен күйдіріп жіберетін құдіреті үшін құрметтеген.

Тарихшы А. Медоев сопының өмір сүрген уақыты IX ғасыр деп жобалайды, ал В.В. Бартольд болса, Шақпақ ата 1312-1342 жылдары Өзбек ханның кезінде өмір сүрген деп тұжырымдайды (XIV ғ.).

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=168

Басқа материалдар

Back to top button