Маңғыстау облысы

СИСЕМ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі –Сисем ата қорымы Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы Өтес селосынан 35 шақырым қашықтықта солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: ХIII-ХIХ ғғ.

Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, Сисем ата орта ғасырлардағы оғыз-қыпшақ кезеңінде ғұмыр кешкен ислам дінінің алғашқы уағыздаушыларының бірі болған делінеді.Сисем ата қорымы – батырлар пантеоны.Хиуа хандары және басқа басқыншыларға қарсы күрескен батырлар жерленген. Сүйінқара батыр Өргешбайұлы, Төлеп батыр Әнетұлы, Қонай батыр Кенжеұлы, Жетімек Жанұзақ батыр, Қожанасыр бай Жанайұлы, Ескелді Саназар бай Құдайназарұлы, Бегей Дауылдыр бай Қозыбақұлы, Сеңгір мырза Дауылдырұлы, Жарылғап бай Сеңгірұлы, Сейіт би Есенұлы, Әнет би Текейұлы, Төлепұлы Мәмбетнияз би, Байбоз Боққараұлы, Назар Жарыұлы руларының негізін салушылары (Шотан батыр, Тастемір бай, Майлан, Құдайберген), Жанбоз (Матай, Өтеулі, Жаманқара), Зорбайұлы Өтеғұл, Қаржау Төлекеұлы және т.б.

М. Меңдіқұлов зерттеулері бойынша, қорымның пайда болу уақыты шамамен XI-XII ғасырлар кезеңдеріне жатқызылады, ежелгі бөлігінің айналасында, солтүстік-оңтүстік бағытта дамыған қабірүсті ескерткіштерінде түрлі таңба-бейнелер мен дәстүрлі ою-өрнектер түсірілген. Сызба суреттердің тарихы қыпшақ-ноғай дәуірлеріндегі саяси оқиғаларды меңзейді.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=170

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button