Қостанай облысы

Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері)

Нысан мерзімі: XIX ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылына жақын тұста.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезінің Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, публицист, ғалым-түркітанушы және лингвист, қазақ тілі орфографиясының реформаторы, алғашқы қазақ оқулықтарын шығарушы, Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Ол қазақ қоғамындағы жоғары сауатты, санаулы азаматтардың бірі болған. «Алаш орда» қозғалысының саяси жетекшісі Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен қайраткер. Қазақ халқының жеке, дербес мемлекет болуы үшін кеңес заманында қудалауға түсіп, бірнеше рет абақтыға қамалған. Апталдай азамат 1937 жылы ГУЛАГ лагерлерінің бірінде азапқа шыдамай мерт болады. Ақсақалдардың айтуы бойынша 1926 жылы Ахмет Байтұрсынов лагерьге қамалар алдында өзіне жақын, қымбат адамдардың жерленген орындарын аралаған, қорымға барып, әкесі мен бауырларының аруақтарына құран оқытқан екен.

Ақкөл ауылына жақын тұста, бұрынғы іргетасы үстіне өңделмеген кірпіш қаланып, қалпына қайта келтірілген Ахмет Байтұрсыновтың өмірге келген үйі бар. Сонымен бірге әулеттің үлкен қорымында Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали және Мәшен жерленген.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button