Жамбыл облысы

АБСЕНТ ҒАСЫР ЖЫЛҚЫСЫ (1976 жыл) АБСЕНТ

Орналасқан жері: Т. Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының солтүстігінде 600 м қашықтықта, Ат спорты манежінің алдындағы алаңда орналасқан. Жылқы мүcіні арнайы мыстан жасалынып, 1976 ж. бетонды тұғырдың үcтінe opнатылған. Абсент – ахалтеке тұқымының қара түcті айғыры 1952 жылы туылған. Құлан (Луговое) жылқы зауытында тәрбиеленген. Салт жүрудің жоғарғы мектебі бойынша Олимпиада ойындарының бip дүркін, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы. Абсенттің әкесі 1935 жылы Ашхабад-Мәскеу ат жарысына қатысып,  жүлдегер болған. Ол Мәскеуде Қызыл алаңда 1945 жылы 24 маусымда өткізілген Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған шеруде бас қолбасшы Г.К. Жуков мініп шыққан ақбоз айғыр еді. Шешеci – Баккара eciмді бие. Абсент Алматы ат спорты мектебінде  дайындықтан өткен және жаттықтырушысы – КСРО спорт шебеpi К.Ш. Eciмов. 1958 жылы Абсент салт жүруден Еуропа біріншілігінде eкiнші орынды (Мюнхен, ГФР); 1959 жылы КСРО халықтарының спартакиадасында КСРО чемпиондық атағы мен алтын медалін; Санкт-Галленада (Швейцария) олимпиаданың алдындағы жарыста екінші орынды жеңіп алды. 1960 жылы Римде өткен XVII олимпиадалық ойындарда КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері С.И. Филатов Абсентпен (КСРО ат спорты тарихында бірінші рет) алтын медальді ұтып алып, чемпион атанды. 1964 жылы Токио Олимпиадалық ойындарында қола жүлдені, Мехикода өткен XIX олимпиадалық ойындарда төртінші орынды жеңіп алды (Мексика, 1968). Жылқының шын өлшемінен бip жарым есе үлкен болып келген ескерткіш ат нәзік бейнеде берілген. Мүсіннің биіктігі 2,7 м, тұғырынікі 2,2 м. Абсент мүсінде жігерлі және анық аллюр жүрісімен бейнеленген. Тек спорт жылқыларына ғана тән аумақты мойыны иіліп берілген. Тұғырының бүйір жағына «Абсент – Рим Олимпиадалық ойындарының чемпионы» деген жазу бар гранит тақта орнатылған. Әсем жүрісімен бүкіл әлемде алдына қара салмаған ақалтеке тұқымдас осы айғырдың «Абсент» деген есімі жылқы сүйер қауым арасында осы күнге дейін аңыз болып келеді. Абсент тек Қазақстанның атағын шығарған жоқ, сонымен қатар ақалтеке тұқымының абыройы мен даңқын асқақтатып, бүкіл әлемге паш етті. Атақты тұлпар Абсент 1975 жылы 2 ақпан күні мерт болып, 1976 жылы мамыр айында қабірінің дәл қасынан мәрмәр тұғыр үстіне екі жарым тонна қара қоңыр мыстан соққан ескерткіш орнатылды. Әлемді талай жыл бойы таңқалдырған  Абсент тұлпарлар тарихында аты өшпестей болып жазылып қалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button