Солтүстік Қазақстан облысы

ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕН ӘЛ-ЖАУҺАРИДЫҢ КӨНЕ ЗИРАТЫ

Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы Сиыршы ауылы (Жаңа-тілек ауылы), Ақжарқын ауылдық округінің Ақжарқын ауылынан 7 шақырым жерде.

Қазақ ағартушысы Зейнелғабиден әл-Жауhари жерленген жері 19 ғасырдың ескі сәулет өнеріне жатады.

Діни ағартушы, жаңашыл ұстаз, публицист Зейнелғабиден әл-Жауhари (руы жауар қарауыл) 1881 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Сиыршы ауылында дүниеге келген (бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау ауданы Сиыршы ауылы).

Алғаш Қызылжарда (Петропавл) оқып, кейін Уфадағы әйгілі «Ғалия» медресесін бітірген. Еліне оралып, 1916 жылы қазіргі Сотүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жеріндегі Сиыршы атты ауылында жаңа үлгідегі тегін мектеп ашып, өз қаражатына сол заманға сай жазылымдарын алып, ел тұрғындарына өтіп жатқан жаналықтарымен таңыстырып, насихаттаған.

1920 жылы жазушы, ғалым, өз елінің жанашыры Зейнелғабиден Әміреұлы өмірден өтті.

Зейнелғабиденнің негізгі еңбегі «Насихат Қазақия» Уфада жеке кітап болып шыққан (1909 ж.).

Ақпарат көзі: Ұлттық энциклопедия, бас ред. Ә.Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы 1998 жыл ISBN 5-89800-123-9

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық аңықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010 жыл,   ISBN 9965-26-096-6

  1. М.Мырзахметов, «Абайтану тарихы». Алматы: Ана тілі, 1994 жыл, 192 б.
  2. Зейнелғабиден бин әл-Хаж Әмре, әл Жауари. «Насихат Қазақия». Уфа: «Шарқ» 1909 ж.
  3. Зейнелғабиден Әл-Жаухари Әл-Омскауи. «Насихат Қазақия», Алматы: «Орхон», 2009 ж. 48 б.
  4. Абай Құунанбаев. Шағармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том: «Өлендер мен аудармалар» Алматы: «Жазушы» 2005 жыл, 296 б.
  5. Абай Кунанбаев. Шағармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том: «Өлендер мен аудармалар» Алматы: «Жазушы» 2005 ж. 336 б.
  6. З.Тайшыбай «Насихат Қазақия» жинағындағы Абай өлендері, «Жұлдыз», №5, 2008 ж.
  7. Қ.Ташибаев, Қ.Керейбаев. «Сиыршыдан шыққан білімпаз», Көкшетау, 11 қаңтар 1994 жыл.

 

Басқа материалдар

Back to top button