Шығыс Қазақстан облысы

«ӨЛІМНЕН ДЕ КҮШТІ» МОНУМЕНТІ

Орналасқан жері: Семей қаласы

 

2001 жылғы 29 тамызда «Полковничий» аралында мүсінші Шота Уәлихановтың «Өлімнен де күшті» Семей ядролық полигонының құрбандарын еске алу монументі ашылды. Бұл биіктігі 25, ені 10, қалыңдығы 2 метр қара габбродан жасалған құлпытас стеласы болып табылады. Авторлардың ойларының арқасында баланы Атом толқынынан қорғайтын анасының сұлбасы – Семей даласы трагедиясының апофеозы алыстан көрініп тұр. Сонымен бірге, құрбандық қана емес, өмір үшін күрес ананың бейнесі арқылы да беріледі. Адамның осы қасиеттері сайып келгенде, зұлымдықты жеңуге, өмірдің жандануына алып келеді – сондықтан да  ескерткіштің аты – «Өлімнен де күшті».

Ескерткіштің орталық бөлігі түрлі-түсті гүл бақшасы бар кең эспланадамен (бос кеңістікпен) қоршалған, партерлі, аласа жасыл желектермен және радиалды-шеңберлі жолдармен ескерткіш барлық жерден көрінеді. Ескерткіштің екі жағындағы басты кіре берісінде – зұлым күштерден қорғайтын қанатты барыстар. Монументтің басты кіре берісінің оң жағында өлшемі 3-тен 6 метрге дейінгі Қазақстан картасы және ядролық сынақтар өткізілген орындардың белгілері бар қабырға тұрғызылған. Қабырғаның екінші жағында радиациялық аурудың құрбандарының тізімі орналасқан. Сол жағында гинкго рәсімдік ағашы орналасқан, онда халықтық дәстүр бойынша барлық жақсылықтардың орындалуына үміт арту ойымен ленталарды байлау әдетке айналған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button