Солтүстік Қазақстан облысы

ПРЕСВЯТОЕ СЕРДЦЕ ИИСУСА КАТОЛИК ШІРКЕУІ

Орналасқан орны:СҚО, Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы

к.,  43

Зерттеулер: Облыстық архивтегі құпия  құжаттарды ашу кезінде Петропавл қаласында кеңес үкіметі кезеңінде  1928 жылға дейін Ленин көшесі бойынша  парктің артындағы костелдің жанында рим-католик діндар тобы болатынын растайтын құжаттар табылды. Костел туралы мәліметтер «Губисполком Ақмола әкімшілік бөлімі 1921-1928 жж.». қорының материалдарында сақталған. Әкімшілік бөлім (Петропавловск милициясы) сол жылдары  дін топтарын  тіркеуге алып,  оларды бақылайтын.

Сол кездегі Петропавл қаласының тұрғыны, Константин Сергеевич Ушаков өткен ғасырдың 20-жылдары костел мұнарасы бұзылғаны,  ғимарат қойма ретінде пайдаланылатын болғаны туралы мәлімет қалдырған. 30 жылы ғимарат  партия обкомының бірінші хатшыларының тұрғын жайы етіліп қайта құрылды. Бірінші хатшылардың тұрғын бөлмелерінен басқа  ғимаратта Петропавл қаласына іссапарға  келетін жоғары партия қызметкерлері үшін асүй мен бөлмелер жасалды.

Петропавл қаласында сәулет пен тарих объектілерін ғылыми зерттеген “Қазжобалауқалпынакелтiру” республикалық институты Ленин к., 43 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың діни маңызы бар екенін  растады. Бұл объектіні діни сәулет ескерткіші ретінде  мемлекеттік қорғауға қабылдау жөнінде  кеңес берілді.

Жергілікті қалалық және облыстық басылымдарда 1993 жылы костел ғимаратын Петропавл қаласының рим-католик қоғамына  беру мәселесі жөнінде  бірнеше мақала шықты. Ол АнтонЗаинчковскийдің  «Куда податься католику?», «Валенса им покажет» мақалалары. Александр Коцеруба «Костёл преткновения» атты мақаласында: «Костёлді революцияға дейін католиктер өз қаражатына салған. Кейін ондакомиссарлар отыратын, партиялық басшылар тұрды, музыкалық училище мен балабақша орналасқан. Жекешелендіру кезінде  ғимаратта  бір сенімсіз фирма жайғасты, ол банкротқа ұшырағаннан кейін костел  қалалық мәдениет және демалыс паркіне өтті. Сауыққойлар оны табысты орынға –казиноға айналдырғылары келді. Сол мақсатта  тарихи құны бар ғимаратқа  жапсарлас бес кабина  салынды.

Қысқаша мәлімет:Петропавлдағы  Пресвятое Сердце Иисуса шіркеуі Қазақстан Республикасындаертеден жұмыс істеп тұрған махалла болып табылады. Ол айдалып келген поляктар мен немістердің арқасында пайда болған. Костел ХХ ғасырдың  басында қаланды. Бірақ 1956 жылдан бері  оның аумағында балабақша орналасып, демалыс күндері  жексенбілік мектеп жұмыс жасайты. Костел ретінде ауладағы ағаштан жасалған ғимарат пайдаланылатын. 1999-2001 жылдары  ғамарат қалпына келтіріліп,   қазіргі кезде шіркеу қызметін атқарады.

Аңыз:  XIX ғасырдың аяғында Петропавл қаласының рим-католик қоғамының өкілдері С.Р. Вонсович, К.О. Добровольский, Р.Ю. Клопотовский және т. б. Дала өкілінің  генерал-губернаторы, Ішкі істер министрі, Архиепископқа Петропавл қаласында костел тұрғызуға рұқсат беруді өтінеді.  1898-1908 жылдары рұқсат берілді (нақты күні анықталмаған).

Шіркеу католиктер қауымының мүшелері жинаған қаражатқа салынды,  құрылыс жүргізуге рұқсат алу өтінішіне Петропавл қаласының және оның маңайындағырим-католик дінін ұстанушы  205 тұрғыны қол қойған.

Петропавлдың  1910 жылғы картасында қалалық саябақтың, мұсылмандық зираттың және жаңа аурухананың   жанында костелге бөлінген учаске белгіленген.

Алғашында костел Вознесенский даңғылындағы ағаш ғимаратында орналасатын (кеңес үкметі кезінде Ленин көшесі, қазір – Қазақстан  Конституциясы көшесі). Сол жерде жексенбі күндендері  католиктердің балаларын оқытатын жексенбілік мектеп жұмыс істейтін. Сондай-ақ осы ғимаратта ксёндз тұратын.

Бірақ костел алаңы католиктер қоғамын қанағаттандырмайтындықтан, олар Дала өлкесінің генерал-губернаторынан және Ішкі істер министрлігінен  қолданыстағы ағаш костелдің жанынан  кірпіштен жаңа ғимарат салуды сұрады.

1917 жылғы октябрь  төңкерілісінен кейін костел ғимараты мемлекеттік мүлікке айналдырылып,  партхозактив қызметкерлеріне тұруға берілді.

Ақпарат көздері:

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейдің 07.12.1992 ж. № 97 хаты Петропавл қ..

  1. 06.05.1992ж. № 27/6-2-21 архивтік анықтама. Негіздеме: Қазақстан Республикасының ОМА, 342-қ, 1-т., 714-іс, 44-п..
  2. Епархияның жыл сайынғы есебі 1911 ж. Краков.
  3. Епархияның жыл сайынғы есебі1912 ж. Краков.
  4. 22.01.1993 ж. № 01-35/231 хат. Омбы обл. МА
  5. Епархияның жыл сайынғы есебі1923 ж. Краков.
  6. 15.02.1993 ж. № 11.12/5 архивтік анықтама. Солтүстік Қазақстан облысының МА
  7. 08.06.1992 ж. архивтік анықтама. Негіздеме: Қазақстан Республикасы ОМА , 64-қ., 1-т., 943-іс, 1-18-п.
  8. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы декрет. Епархиалдық курия.Қарағанды. Қазақстан.
  9. 12.04.1993 ж. № 11-3/2 хаты. Солтүстік –Қазақстан облысының әкімшілігі, Қазақстан Республикасы.
  10. Қазақстаннның және Орта Азия Апостол Әкімшісі епископ Ян ПавелЛенгидің 20.03.1992 ж. №37 өтініші
  11. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігіне хат. 24.02.1993 ж.№103 болп тіркелген.
  12. 1992 жылғы 14 қаңтарғы анықтама.
  13. Александр Коцеруба «Костёл преткновения».
  14. «Справедливость восстановлена». «Ленинское знамя», 3 қараша 1993 ж.
  15. 24.02.1993 ж. № 38 хат. Солтүстік Қазақстан халық депутаттары кеңесі. Облыстық мәдениет бөлімі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button