Ақтөбе облысы

Бұршақбай тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1867 жыл.

Орналасқан жері: Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылынан 5 км солтүстік-солтүстік-шығыста.

Тарихи мәлімет: Бұршақбай тамы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың тұрғын үй құрылысының белгілері байқалатын және тас қашау өнерінің, эпиграфиканың іздері сақталған ескерткіш болып табылады. Кесененің алдындағы құлпытаста Төртқара руы, Құламан тайпасы, Айдарлыбай баласы Бұршақбай 34 жасында қайтыс болғандығы жазылған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Кесене төртқырлы пирамида тәрізді күмбезді ғимарат. Сақталған бөлігінің ең жоғары биіктігі 5,20 метр. Кесененің ішінде шикі кірпіштен шығыстан батысқа қарай созылған сағана тәрізді қабіртас қалдығы байқалады.

Басқа материалдар

Back to top button