Жаңалық

Асылбек Есенбаев – ҰҚШҰ әскерінің көмекке келуі сыртқы саяси байланыстардың беріктігін көрсетеді

ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік əскери күштерінің Қазақстанда болуына қатысты айтар болсам, біріншіден, ҰҚШҰ-ға мүше барлық елдердің бірауыздан қолдауы ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық беделі мен сыртқы саяси байланыстардың беріктігін көрсетеді.

Екіншіден, ҰҚШҰ-да жедел әрекет ететін ұжымдық күштер, әскери іс-қимылдарға тікелей қатысатын бөлімшелер болса да, стратегиялық объектілерді күзету бойынша бітімгершілік қызметтерді орындайтын ҰҚШҰ-ның нақ сол бөлігінің қажеттілігін нақты бағалау. Сондай-ақ, ҰҚШҰ аясында құқық қорғау органдарын тарту мүмкіндігі бар. Бұл өз күштерін бағалау Қазақстанның күш құрылымдарының арнайы бөлімшелері ең күрделі жауынгерлік міндеттерді шешуге қабілетті екенін көрсетті.

Үшіншіден, ҰҚШҰ сияқты әскери-саяси ұйымдағы тиімді өзара іс-қимылдың алғашқы тәжірибесі Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуының прагматикалық көзқарасын күшейтеді және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі екіжақты байланыстарды нығайтады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button