«Рухани жаңғыру» аймақтарда Жаңалық Шымкент қаласы

Салбурын мереке ғой саятшыға

Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Салбурын мереке ғой саятшыға...» атты телевизиялық бағдарлама түсірілімін өткізді.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Кеңесарық елді мекенінде өткен шара  саятшылық, құсбегілік өнерін насихаттау, көне дәстүрге сай нұсқасын телеарна және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ел арасына таратуды мақсат етеді.

Шараның негізгі бөлімінде бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жайында ой-пікірлер білдіріліп, іс жүзінде көрсетілді. Саятшылық пен аңшылықтан қысқаметражды бейнефильм түсірілді.

Оңтүстік өңіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуенов кәсібінің қыр-сыры туралы келушілерге тың мағлұмат беріп, саятшылық дәстүрі туралы сұрақтарға жауап берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button