Жаңалық

ҚҚДИ жанындағы сарапшылар тобының отырысында жаңа Қазақстанның идеясын жүзеге асыру жолы талқыланды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру бойынша қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы сараптамалық-талдау жұмыс тобының алғашқы ашық отырысы өтті.

Отырысты ашқан ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет соңғы екі жылда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру аясында түрлі заңнамалық актілер қабылданғанын атап өтті. Алайда, қаңтардағы оқиғалар бұл тетіктердің толық іске асырылмай тұрғанын көрсетті.

«Мысалы, қоғамдық кеңестер маңызды мәселелерді талқылау алаңына айналуы тиіс еді. Бірақ олар белгілі бір адамдар үшін тиімді форматта қалыптаспады, жағдай туралы сөйлесе алатын қоғамдық пікір көшбасшылары тартылмады. Бұл осындай қайғылы нәтижелерге әкеледі. Сондықтан одан әрі жетілдірілетін бағыттар бар және бүгінгі пікірталас осы күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі», – деп атап өтті Мадияр Қожахмет.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов қайғылы қаңтар оқиғаларынан асықпай сапалы сабақ алу қажеттігін атап өтті.

https://youtu.be/lQasEDs_k5s

«Әрбір азамат ел тағдыры алдындағы өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс екенін түсіну маңызды. Мемлекет бізге керек немесе Президент керек деп айту дұрыс емес. Біздің күш-жігерімізді біріктіретін кез келді», – деді ол.

Қаңтардағы оқиғаларды талдай келе, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Қазақстанның басты «ауруының» бірі шорт-термизм болып табылатынын, яғни қысқа мерзімді нәтижеге күш-жігер мен зейіннің шамадан тыс шоғырлануы екенін атап өтті.

«Бұл қысқамерзімді мақсат. Сонымен қатар, негізгі статистикалық ақпарат осы жылдар ішінде бұрмаланғандықтан және әлі де бұрмаланып жүргенінен, экономикалық жағдайдың түсініксіздігі бізді қатты алаңдатады. Біз жұмыссыздық, инфляция, экономикалық өсім және т.б. бойынша нақты жағдайды білмейміз», – деді ол.

Өз кезегінде қоғам қайраткері Айгүл Соловьева Жаңа Қазақстанда шешім қабылдау үдерісіне жұртшылық тартылуы тиіс екенін атап өтті. Ал Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов: «Мен үшін Жаңа Қазақстан – бұл қосарланған стандарттардан арылу, барлық салалардағы сыбайлас жемқорлықтан, трайбализмнен, непотизмнен арылу» деген пікір білдірді.

Отырыста Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева Жаңа Қазақстанды құрудың жасампаздық процесінің маңыздылығын атап өтті.

«Адамдар өздерін тыңдағанды, сұранысқа ие болуды қалайды. Бұл үлкен энергияны басқарып, оны шығармашылық арнаға бағыттау керек. Бұл үшін жүйе әлеуметтік өзгерістерге сәйкес келуі керек. Бұл үшін, ең алдымен, азаматтар ашық сипаттағы пікірталастарда өз келіспеушіліктерін білдіре алатындай жағдай жасау керек», – деп атап өтті ол.

Сарапшылар бүгінде Жаңа Қазақстанды құру жағдайында әділдік пен азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікке деген барлық сұраныстарды біріктіретін Бірыңғай сұраным бар деп қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық қоғамдық даму институты жанынан Жаңа Қазақстанды құру жағдайында қоғамдық келісім мен қоғамдық-саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сараптамалық-талдау жұмыс тобы құрылған еді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button