Жаңалық «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Шынайы әлемді геймификациялау

Қоғамдық сананы жаңғыртудың ең негізгі бағыттарының алды бәсекеге қабілеттілік пен білімге табыну. Жаһандану дәуірінде - барлық процестер тез ауысатын кезде, қоғамдық сананы жаңғыртудың өзектілігі мен шынайы мақсатын жоғалтпай заманауи жағдайларға бейімделуі өте маңызды.

Осы бағытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Балалар жылына арналған «Шынайы әлемді геймификациялау» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Аталмыш шара Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен бірге ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – мүмкіндіктерді талқылау, қазіргі заманғы балаларға білім беруде ақпараттық (ойын) технологияларды енгізу мен қолданудың нақты жолдарын айқындау.

Семинар қатысушылары мектептің нақты оқу процесінде жүзеге асырылатын компьютерлік ойындардың тәсілдерімен танысу, нақты өмірлік процестерге еліктейтін балалар ойындарын құру және компьютерлік ойындарды жасаушылармен және ойыншылармен кездесуді ұйымдастыру және т.б. мәселелерді талқылады.

Шара барысында ХАТУ ректоры Хикметов Асқар, ҚР БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының инновациялар жөніндегі үйлестірушісі Ибраева Раушан, Ғылым және халықаралық жұмыстар жөніндегі проректор Дайнеко Евгения, «Vardix-Group» негізін қалаушы Баринов Владимир, № 8 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, педагог Тойбаева Гульжан сөз сөйледі.

Бұндай іс-шаралар тұрақты даму мүддесіндегі білімнің үлесін сондай-ақ мүмкіндіктерді талқылауға, қазіргі заманғы балаларға білім беруде ақпараттық технологияларды енгізу мен қолданудың нақты жолдарын анықтауға бағытталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button