Жаңалық

Отбасы – ең маңызды әлеуметтік институт

Қазақстандық қоғамдық даму институты орталығында «Институт Семейного Воспитания» ЖШС мен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Іс-шараға ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Қайдарова Әсем Серікқазықызы, «Институт Семейного Воспитания» ЖШС  бас директоры Евдокимова Софья Львовна, Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Рақышева Айгүл Қуанышбайқызы, «Институт Семейного Воспитания» ЖШС  негізін қалаушы Евдокимов Владимир Николаевич және директоры Набитовская Любовь Николаевна қатысты.

Меморандумның мақсаты – жастар саясаты мен отбасылық тәрбие саласында дайындық курстарын, оқыту семинарларын ұйымдастыру және статистикалық деректердің, зерттеулердің нәтижелері мен жобалардың дерекқорымен алмасу. Сондай-ақ, баспа және электрондық басылымдарды, әдістемелік құралдарды, ғылыми-зерттеу мақалаларын дайындауда бірлесе жұмыс істеу.

Орталықтың қызметі қоғамдық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің маңыздылығын қолдауға және дамытуға бағытталғанын ескерсек, бұл жасалған меморандум екі жақ үшін де тиімді болары анық.

Меморандум аясында Отбасы институтын зерттеу орталығы өзінің негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Олар: отбасы саясаты бағыттарына мониторинг жасау, талдау, болжау және өңдеу; отбасы саласындағы өзекті және басым үрдістерді анықтау; отбасы саясаты институтының әдістемелік базасын қамтамасыз ету; отбасы саясаты институтының құзіреттілік деңгейін арттыру; отбасы саясатын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button