Жаңалық

Өзгеше ойлау өмірді өзгерте ме?

Құтының (банка) ішіне ара жіберіп, үш күнге қамап қояды.

Құтының ішінде үш күн бойы айналсоқтап жүрген аралардың күйін көрсеңіз ғой. Үш күн өткеннен кейін құтының қақпағын ашса, аралар сол қалпы айналып жүрген шеңберінен ешқайда ұшып кетпейді екен. Аралар бір шеңберде айналып жүр. Ал қақпақ ашық. Міне, біздің қазіргі қоғам дәл осындай. Өйткені оларда «белгіленген шеңбер бар, содан шығып кетпеу керек» деген түсінік бар. Тағы бір эксперимент жасапты ғалымдар. Балаларға ботқадан дәм татқызады. Ботқаның бір жағы тәтті болса, екінші жартысы ащы екен. Бір бала дәм татып көріп, ботқаның тәтті екендігін айтады. Шынымен, ол тәтті жағынан ауыз тиген еді. Екінші бала да дәл солай дейді. Онікі де дәл сондай. Үшіншісі мен төртіншінің де ботқасы тәтті болып шығады. Ал бесіншісіне ащы жағы түскен екен. Ботқа ащы болса да, бала бәрібір «тәтті» дейді. Неге? Өйткені алдыңғы балалар да «тәтті» деп жауап берген еді. Мінекей, тобырлық сана бала кезден бастау алады. Балаға ботқаның ащы екендігін айтуға болушы еді. Бірақ ол қазіргі қоғамға жат адам болып кетеді. Жат болуы – адамның қоғамнан өзгеше ойлауында болып отыр. Қорытындысын өзіңізге қалдырдық, оқырман.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button