Жаңалық

Қазақстанда 5 елдің азаматтары жеке кәсібін аша алады

Қазақстан аумағында 5 шет мемлекеттің азаматтарына жеке кәсібін ашуға рұқсат етілген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы Сания Мұхаметжанова айтты.

«Біздің елімізде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің резиденттері жеке кәсібін аша алады. Оларға кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат етілген. Дегенмен осы аталған 5 елдің азаматтары Қазақстанда тұруға рұқсат алғанын растауы қажет. Бұл мемлекеттерден басқа елдердің резиденттері Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алмайды», – деп атап өтті Сания Мұхаметжанова.

Басқа материалдар

Back to top button