Жаңалық

Аида Балаева: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің арқасында елімізде демократиялық өзгерістер орын алып жатыр

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Балаеваға 3 сұрақ/3 вопросы Балаевой» кезекті шығарылымы жарық көрді. Бұл жолғы тақырып ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына арналды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балаеваға 3 сұрақ/3 вопросы Балаевой» кезекті шығарылымы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының маңызды бөліктері мен тұрғын үй саясатын жетілдіру туралы айтып берді.

Аида Балаева ҰҚСК отырыстарында ең алдымен қоғамды толғандырған мәселелердің талқыланатынын атап өтті. ҰҚСК қызметі шеңберінде бүгінде 13 заң қабылданып, 9 заң жобасы әзірленді.

«Президент ҰҚСК отырыстарына әрдайым тұрақты түрде қатысады. Нәтижесінде, бұл Кеңес жұмысына ерекше саяси мәртебе мен салмақ береді. Мұнда өзекті мәселелер талқыланып қана қоймай, соған сәйкес шешімдер де қабылданады. Кеңес қызметі аясында қоғамда демократиялық өзгерістер болып жатыр. Барлық өзекті мәселелерді мемлекет естиді және олар бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Яғни бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың нақты тетігі», – деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

ҰҚСК отырысында көтерілген мәселелердің бірі Денсаулық бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Өз сұхбатында Аида Балаева мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жүзеге асырып келе жатқан маңызды әлеуметтік жұмысы екенін атап өтті. Мемлекетіміздің дамуы мақсатында қабылданып жатқан барлық стратегиялық құжаттар Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне және ЭЫДҰ стандарттары мен әлемдік стандарттар бойынша азаматтардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Мұның өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын ескерген Президент бұл мәселені жай ғана қозғай салған жоқ, ҰҚСК отырысы аясында да, Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте де нақты тапсырмалар берді. Ол сондай-ақ ақпараттық саясат саласына да назар аударып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұның барлығы кешенді түрде орындалғаны маңызды. Тіпті, бұл туралы Заңнама да бар және ол әрдайым жетілдірілу үстінде. Жұмыстың жүйелі болуы үшін барлық институттардың, яғни жергілікті атқарушы органдардың мен орталық мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы қажет. Бұл мәселені біз бірлесіп қана шеше аламыз», – деп атап өткен Аида Балаева өз шешімдерін ұсынатын үкіметтік емес ұйымдардың да пікірін тыңдау өте маңызды екенін айтты.

Алдағы уақытта 800 ауыл әкімінің сайлауы өтетіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, АҚДМ басшысы әкімдерді сайлау – ең алдымен, ауылдардың ұзақ жылдан бері қордаланып қалған проблемаларын шешуге тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. Өз кандидаттарын саяси партиялар да ұсына алады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары да өз арасынан үміткерлерін қоса алады.

Сұхбат барысында Аида Балаева ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстандағы тұрғын үй бағдарламасының мәселелері қалай жүзеге асып жатқанын да талқылады. АҚДМ басшысы тиісті мемлекеттік органдардың осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатқанын және бұл заң жобасы мамыр айында Үкіметтің қарауына, содан кейін Парламентке енгізілетінін айтты. Осылайша, заң жобасы тұрғын үй кезегі сынды көптеген мәселелерді бір жүйеге келтіруді ұсынады.

«Президент елдің тұрғын үй саясатын стратегиялық түрде қайта қарау туралы мәселе қозғады. Өз кезегінде бұл қазіргі кездегі барлық проблемарды шешуге бағытталуы тиіс. Мәселен, зейнетақы қорларынан жинақтарын шығару алу бастамасы азаматтарымыз үшін айтарлықтай көмек болып, көбі өз кредиттерін өтеп тастауға мүмкіндік алды», – деді Балаева.

Аида Балаева бұл шешімдердің барлығы, соның ішінде ҰҚСК отырыстарында қабылданатынын және тұрғын үй саясаты немесе инфрақұрылым мәселелері болсын, бәрі де азаматтарымыз үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тікелей бағытталғанын айтты.

«Мұндай алаңның болуы маңызды. Мемлекеттік органдар ҰҚСК отырыстары кезінде қоғамның сұраныстары мен нақты ұсыныстарын естиді және сол арқылы қоғамдағы барлық мәселелердің нақты шешілуіне ықпал етеді», – деп түйіндеді АҚДМ басшысы.

«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының аталмыш шығарылымын мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=psJHc7DVBwY

Сұхбаттың тайм-коды:

0.25 – Аңдатпа

1.25 – ҰҚСК қызметінің маңыздылығы туралы

4.45 – ҰҚСК отырыстарында ұсынылған Президенттің жаңа бастамалары туралы

7.11 – Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз қолжетімділік туралы

13.30 – Ауыл әкімдерін сайлау жөнінде

18.25 – Тұрғын үй бағдарламасын жетілдіру туралы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button