Академиктер Елбасы Жарлығын қолдады
Алматыдағы «Ғылым ордасының» мәжіліс залында Түркі академиясы Халықаралық ұйымы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды саралау мақсатымен «Рухани жаңғыру: тұлғалар тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, зиялы қауым өкілдерінің басын қосты, деп жазады https://egemen.kz/article/160461-akademikter-elbasy-zharlyghyn-qoldady“>egemen.kz.
Қазақ ғылымы мен руханиятына елеулі үлес қосып келе жатқан ғалымдар, академиктер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, мажар, қырғыз, түрік, әзербайжан, ұйғыр, татар ғалымдарының алдында сөз алған Академия президенті Дархан Қыдырәлі шараның мақсат-маңызына тоқталды. Ұлттық сана мен болмысты әлемдік құндылықтармен үйлестіре отырып, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер мен батыл шешімдерге құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған биылғы жыл ел тарихында ерекше жыл ретінде есте қалмақ. «Сананы сілкіндіретін, ойды отарсыздандыратын, жадыны жаңғыртатын, тарихты түлететін бағдарлама көптеген ауқымды бастамаларға негіз болды. Әрине атқарылып жатқан қыруар жұмыстың ішінде бірінші кезекте қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін атаған болар едік», деді Д.Қыдырәлі.
Алқалы жиынды жүргізген ғалымның айтуынша, күні бүгінге дейін ұлттық кодқа байланысты, тарих, таным, тіл, кітаптардың тәржіма ісіне байланысты көп жұмыстар атқарылған. Көптен жоспарланған дәл осы шараның Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін өткізілуінің де символдық мәні бар. Себебі Жарлық шыққанда бірінші кезекте лингвистердің, түрколог ғалымдардың, зиялы қауымның көзқарас білдіріп, қолдауы заңдылық. Түркі академиясының бастамасымен өткізіліп отырған жиын тақырыбының «Тұлғалар тағылымы» деп аталуының сыры да осында. Тамыры терең бәйтерек сынды, тоқсанның төріне шықса да, тіл үшін тірескен талай күрестерде тайсалмай қайраткерлік танытып, толғауы терең қызыл тілдің тағдырын «тағдырым» деп таныған үш абыз академиктің – Әбдуәли Қайдаров, Шора Сарыбаев және Рәбиға Сыздықованың алқалы басқосудың белортасынан табылуы жиынның басты жаңалығы болды.
Тіл білімі ғылымының алтын қазығы іспетті болмысы біртұтас асылдан сомдалып құйылғандай айтулы ғалымдардың соңғы жылдары жұрттың алдында сирек төбе көрсетіп жүргені болмаса, тіл тағдыры тағы бір тарихи шешуші кезеңге бет бұрғанда, аяулы Академияларына аяңдап келіп, тілектестік танытқандарына үлкен-кіші түгел толқыды. Ұлағатты ұстаздар ұлт мәселесіне келгенде тартынып қалмай, алдыңғы шептен көрінетінін тәуелсіздіктің сонау елең-алаң тұсында да көрсеткен болатын. 1992 жылы Түркиядағы Мармара университетіндегі жиынға Қазақстанның атынан қатысып қайтқан Ә.Қайдаровтың елге келген соң «қазақ елі латын әліпбиіне көшуі керек» деген өзі бас болып, жобасын жасап, Елбасына хат жазғанына да биыл 25 жыл болыпты. Сол арман-аңсар шындыққа айналып, латынға көшу жөніндегі бастама ресми түрде биыл жаңа бетбұрыс кезеңіне қадам басып отыр. Өйткені бүкілхалықтық талқылауға түскен латын әліпбиі түркология ғылымының ортақ әліпбиі ғана емес, рухани жаңғырудың басты негізі екені сөзсіз.
Айта кету керек, Академияның ғылыми жобаларының үлкен бір бөлігі түркология ғылымының дамуына үлес қосып отырған авторлардың еңбегін насихаттау және жаңа еңбектердің жарық көруіне ұйытқы болуымен байланысты жүргізіледі. Қазақ елінің тумасы, әлемдік дәрежедегі түрколог ғалым Әмір Нәжіп өзінің мұрасын, қолжазбаларын, тарихи салыстырмалы сөздігін, кітаптарын көзі тірісінде Әбдуәли Туғанбайұлына аманаттап кеткен болатын. Бұл еңбектер жалпы түркология ғылымына қосылған үлкен олжа болып саналады. Ә.Қайдаров бұл ғылыми мұраларды Халықаралық Түркі академиясына табыстаған-тын. Сол аманаттап кеткен дүние биыл араға қырық жыл уақыт салып «ХІV ғасыр түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы сөздігі. Құтыптың Құсрау-Шырын еңбегі негізінде» атты 4 томдығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғылым» баспасынан жарыққа шығып отыр.
Сондай-ақ Ә.Қайдаровтың «Ұйғыр тілі лексикасының дамуы» және «Қазіргі ұйғыр әдеби тілінің дамуы» атты ұйғыр грамматикасына байланысты екі том еңбегі де баспадан көпшіліктің пайдалануына жол тартты. Ілгеріректе түркітану ілімінде өзіндік жолы бар академик Р.Сыздықованың Қадырғали Жалаириге тиесілі «Жами ат-тауарих» кітабын зерделеп, бұл шежіренің рухани мұра жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дәуірден қалған төл мұрасы екенін дәлелдеген еңбегі де Академия қолдауымен жақын арада оқырманның қолына тиеді.
Бұған қоса қолданыс аясы әлдеқашан тарылып кеткен шор, қарлұқ, қарашай, алтай, гагауыз, құмық, Кавказдағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Қытайдағы, жалпы дүние жүзіндегі жойылу қаупі төніп тұрған түркі тілдерін жинақтап, «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты төрт томдық энциклопедия шығарылды. Мұндай ауқымды жұмысты атқаруға әлемнің 300-ден аса ғалымы жұмылдырылған. Түптеп келгенде, осының бәрі рухани жаңғыру жолында атқарылған жұмыс, Елбасы бастамасымен құрылған Түркі академиясының игілікті ісі мен еңбектері түркі халықтарының ортақ рухани жемісі болатыны анық. Басқосу барысында осы аталған төрт бірдей іргелі еңбектің тұсауы кесіліп, кең көлемде жинақталған мәдени мұралар зиялы қауымға таныстырылып, тарту етілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, Қырғызстандағы Манас қырғыз-түрік университетінің профессоры Қадыралы Қоңқабаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА академигі Уәлихан Қалижан, академик Өмірзақ Айтбаев тіл келешегі үшін жасалып отырған игі қадамды қолдай отырып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі уақыттың талабы екенін, жаңа көштің қарқынды, бірақ кезең-кезеңімен жүзеге асырылар байыпты іс екенін атап өтті.
Телқожа Жанұзақов, Асқар Жұбанов, Нұргелді Уәли, Байынқол Қалиев, Әлімхан Жүнісбеков сынды кәсіби тіл мамандарының қатысуымен өткен жиынның салмағы да, маңызы да жоғары болды. Дөңгелек үстелдің өзі «Тұлғалар тағылымы» деп аталғандықтан түркология ғылымы саласында үлкен еңбек сіңіріп, өмірден ертерек өткен мажар ғалымы Иштван Қоңыр Мандокидің шаңырағында түтінін түтетіп отырған жары Оңайша Мандоки Қоңыр марқұмның армандарының біртіндеп орындалып келе жатқаны түркітану ғылымының да қарқынды дамуының көрінісі екенін және оның есімін ұлықтап, мұрасын түгендеп жүргені үшін Түркі академиясына рахмет айтып, атқарып жатқан жұмысына оң баға берді.
Жиын соңында шараға қатысқан зиялылар латын әліпбиіне байланысты шыққан Елбасы Жарлығын қолдайтынын және ұлттық мүддеге бағытталған тарихи шешімді орындауға атсалысатындарын айтып, арнайы үндеу қабылдады.
«Отан соғысында бес жыл әскери міндетім мен азаматтық борышымды өтеп қайтқаннан кейін институтқа түсіп, одан аспирантураны бітірген соң бар саналы өмірім Қаныш Сәтбаев негізін қалаған осы Ұлттық ғылым академиясында өтті. Мен сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркия Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түрікменстан ғалымдарының Анкарадағы конференциясына Қазақстанның делегациясын бастап барған едім. Сонда барша түрік халықтарына ортақ 34 әріптен тұратын латын әліпбиінің жобасына Қазақстан тарапынан қол қойып, қазақтың «ә» деген әрпін енгіздім. Конференциядан келгеннен кейін көп ұзамай «түркі елдері латын әліпбиін қабылдайтын болыпты» деген хабар алдық. Осы хатты алғаннан кейін Президентке ашық хат жазып, түркітілдес елдер ғалымдарының ұйғарымын жеткізген едім. Міне, сол уақыттағы арман-тілегіміз бүгін орындалып отыр», – деді академик Әбдуәли Қайдаров.