Жаңалық

«Анаға тағзым» медалі табысталды

Бүгін қалалық ардагерлер кеңесінде белсенді әжелер «Анаға тағзым» медалімен марапатталды. 

Төсбелгіні белгілі меценат, Халықаралық «Жеті жарғы» және Қожаберген жырау қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Бекет Тұрғараев табыстады.

«Бұл марапат Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, тылда қажырлы еңбек етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен аналарымыздың еңбегі мен ерліктерін бағалау. Олар сұрапыл жылдарда басына түскен ауыртпалықты елемей, аянбай тер төкті», – деді Бекет Тұрғараев.

Төсбелгіде орылған астықтың ортасында ана мен бала бейнеленген.

Медальмен марапатталушылар қатарында еңбек ардагері Нәсира Қабылбекова, «Ерлік» мұражайының директоры Ақмарал Асанқызы, «Достық» әжелер тобының мүшелері Түймеқыз Жанатаева, Анар Арғынбаева, «Ақтілек» тобынан Аманкүл Аманова, Жанат Өтебаева, Әмишә Елешова, Мейрамкүл Тойлыбаева бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button