Жаңалық

Атырауда «Altybaqan fest» жобасы ұйымдастырылды

22 қыркүйек күні Атырау облысының Білім беру басқармасы облыстық Ішкі саясат басқармасы, өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп «ALTYBAQAN fest» жобасын өткізді.

Жобаның мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында көтерілген көкейтесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшуді Атырау жастарының қолдауы, болашаққа деген нық сенім мен көзқарасты дәлелдеу.

«Алтыбақан» – қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақан ертедегі ауыл өмірінде жастардың бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Жобаның «ALTYBAQAN fest» деп аталуының басты себебі көзден кетіп, санадан өшіп бара жатырған алтыбақанның аясында жастарды жинап бүгінгі күннің басты жаңалығы – латын әліпбиінің қолданысқа енуін мерекелеу болды.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің алаңына облыстағы 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушы жастар жиналып, олар латын әліпбиінің қоғам өміріне енуін бірауыздан қолдайтынын көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Қолдарына «Сүйікті Атырауым», «Жаса Қазақстаным» деген транспаранттар ұстаған жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, латын әліпбиін қолдаймыз деген ұранмен жиналған халыққа өздерінің  жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұрпақ екендіктерін көрсетті.

Шараға облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Бисембиев, білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қ.Кенжеғалиев, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, студент жастар, жалпы саны 250 адам қатысты.

Шара «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері журналистерінің ақпараттық қолдауына ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button