Жаңалық

Бала сүйе алмай жүрген қазақ не істеген?

Рухани азығы мол қазақтың балаға келгенде ырымы бітсін бе?! Сатып алу ғұрпы іске аспаған уақытта өмірден түңіліп қалмаған. Керісінше, келесі шараға көшкен. Сонымен бала тұрмағанда тағы қандай рәсімдер орындалған? Жауабы мақалада.

Сатып алу ғұрпы көмектеспеген жағдайда не істеген?

Сатып алу дәстүрін орындаса да, бала шетінеп кете беретін сәттер кездеседі. Мұндайда келіншектің абысын-ажындары баланы әйел босанған күні-ақ етектеріне орап әкеткен. Омыраудан шығарғаннан соң барып қайтарған. Балдырғанды берген отбасы өмірінің ақырына дейін сәбиге өзіміздікі деп қарамайды.

Бала тұрмағанда орындалатын тағы қандай ырымдар бар?

Баласы тұрмаған жағдайда баланы үш немесе жеті кемпірдің аяғының ортасынан өткізіп, «Үшкемпір, Жетікемпір» деген есімдерді қояды. Кейбірі шарананы төрт кемпір мен бір шалдың екі аяғының арасынан өткізген. Сөйтіп оған «Төрткен» деп ат қойған. Бұл рәсім ғұмыры ұзақ болсын деген ниеттен туған. Бір ырымда баланың жолдасын киізге қосып тігеді. Оны шаңырақтың қақ ортасына іліп қойған. Балақайдың жасы жетіге келгенде садақа беріп, жолдасын ұлы жолдың бойына тастаған. Мұндай қиын жағдайлардан шығудың тағы бір жолы – балаға ыңғайсыз есімдер қою: Боқтыбай, Шылғаубай, Итбай, Түлкібай, Қасқырбай және т.б.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button