Жаңалық
Бақытбек Смағұлдың үш томдық кітабы жарыққа шықты
Еңбек Бауыржан Момышұлы, Борис Керімбаев, Байғали Қоқымбаев, Әлімжан Ерниязов және Габиль Халафов секілді тұлғаларға арналған.
Бірнеше уақыт осы туындылар төңірегінде тер төккен жазушы бұл өзінің азамат ретіндегі парызым деп санайды. Кітап көпшілік оқырманға, әскерилерге, жалынды жастарға арналған.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Үш томды шығарма бұл әрбір отбасында балалардың жастана жатып оқитын кітабына айналуы тиіс. Қазіргідей компьютерге телмірген заманда балаларымыз ондағы кейіпкерлерге емес, өткен батыр ағаларына еліктеп өсуі керек. Солардың жүріп өқткен жолын біліп өсулері керек деп ойлаймын.