Қарағанды облысы

БАТЫР СЕҢКІБАЙ ОРАЗҚҰЛҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Сеңкібай батыр Оразғұлұлы – қазақтың айбынды батыры, әрі шешен биі, Шет ауданы, Талды өзенінің жағасында сүйегі жерленген. Сеңкібай батыр Оразқұлұлы 1709 жылы Қарағанды облысындағы Қарқаралы жерінде дүниеге келген. Ол Жоңғар-қалмақ соғысында ерлігімен ел жадында сақталған баһадүр. Батыр бейбіт кезеңде сөз ұстап, еліне иелік еткен көсем билердің қатарында болған. Сеңкібай баба Абылайдың сенімді серігі ретінде 1740 жылы орыс елімен келісім жасамақшы болған алғашқы талпынысында елшілер құрамына кіреді. Кейінірек 1860 жылы Абылайдың баласы Әбіл басқарған елшілермен бірге әскери кеңесші ретінде қытай елінде болады. Бөгенбай батырдың әскері сапында бас сардары болған. Бір басына қаһарман батыр-қолбасшылықты, бейбіт кезеңде ел ісіне иелік етіп, телі тентектерді таразылаған жөн-жосығына бағыт-бағдар сілтейтін алғыр би, киелі әулиелік қасиеттерді дарытыпты. Осындай қасиеттердің батыр бойынан табылуы түптеп келгенде, шыққан асыл тегінде. Үшінші атасы Қожас батырдың алғаны Үш жүздің ақылшы ата биі Әнет бабаңың қызы Тоқта сұлу екен. Тоқта сұлудан туған Құлбас бен Бекбас та, Бекбастан туған Оразғұл да өз заманында аты әйгілі батыр-бағландардың қатарында болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button